Асқарбек Нәбиев "БТА Банк" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Асқарбек Нәбиев "БТА Банк" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Асқарбек Нәбиев "БТА Банк" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"БТА Банкі" директорлар кеңесі басқарма төрағасы Мағжан Әуезовтің өкілеттігін 2015 жылдың 30 наурызынан бастап мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Ал 2015 жылдың 8 сәуірінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін Асқарбек Нәбиев банктің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар, банктегілер "басқарушы директор - басқарма мүшесі Қайыржан Мимикеновтің өкілеттігі өзінің бастамасы бойынша 2015 жылдың 1 мамырынан бастап мерзімінен бұрын тоқтату" туралы шешімнің қабылданғанын хабарлады.

Айта кетейік, Асқарбек Нәбиев - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, экономист. Ол 1997 жылы Қазкоммерцбанктің экономикалық анализ басқармасына келіп, кейін департаментке ауыстырылды. 2002 жылдан бастап қаржылық бақылау департаментінің директоры болды.

Еске сала кетейік, 31 наурызда Алматыда журналистермен кездескен Қазком басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов БТА Банкі шоттарының 2015 жылдың ортасына қарай "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қабылданғаннан кейін Қазкомға беріле бастайтынын хабарлады. Сонымен қатар, Әуезов "БТА Банк" АҚ басқармасының жаңа төрағалығына Асқарбек Нәбиевті ұсынатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro