Астана банкі зейнетақы қаржысын қайтарды - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана банкі зейнетақы қаржысын қайтарды - Ұлттық банк

Ұлттық банктегілер "Астана банкі" АҚ-ның зейнетақы активтері бойынша "БЖЗҚ" АҚ алдында міндеттемелерінің жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылы "БЖЗҚ" АҚ зейнетақы активтері "Бизнестің жол картасы 2020" сияқты мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау үшін нарықтық жағдайда екінші деңгейлі банктердің уағдаласылған депозиттерін инвестициялауға жұмсалған. "Астана банкі" АҚ уағдаласылған депозиттерін инвестициялау көлемі жылдық сыйақы мөлшерлемесі 15,2 пайызбен 8 миллиард теңгеге жеткен. 

"2016 жылдан бері "Астана банкі" АҚ "БЖЗҚ" АҚ алдындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеді. 2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, "Астана банкі" АҚ-тың уағдаласылған депозиттер бойынша"БЖЗҚ" АҚ-ға қарызы 3,2 миллиард теңге болды. Қазіргі таңда "Астана банкі" АҚ "БЖЗҚ" АҚ зейнетақы активтері есебінен үлестірілген уағдаласылған депозиттер бойынша барлық міндеттемені орындады", - деді Ұлттық банктегілер.

Осылайша, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қазіргі таңда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінде Астана банкінің қаржы инструменттері жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети