16 қазан 2014 | 18:40

Әуе компаниясы өзінің "жоқ" ұшағын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Ресейлік туроператормен бірлесіп жоқ рейстерге билет сатты деп айыпталған "Инвест Авиа" компаниясы Tengrinews.kz тілшісіне "Харьков әуе жолдарынан" "дымқыл лизинг" бойынша алынған ұшағын көрсетті.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік туроператормен бірлесіп жоқ рейстерге билет сатты деп айыпталған "Инвест Авиа" компаниясы Tengrinews.kz тілшісіне "Харьков әуе жолдарынан" "дымқыл лизинг" бойынша алынған ұшағын көрсетті.

Айта кетейік, айдың басында Қазақстан туроператорлар қауымдастығы ел нарығында жоқ рейстерге билет сатуы мүмкін делінген бірнеше фирманың жұмыс істеп жатқаны жайлы ақпарат таратқан болатын. 

"Жауапкершілікті Қазақстанда жоқ шетелдік әуе компаниясы көтереді. Ұшқыштар да, стюардтар да - барлығы шетелдіктер, ұшақ бізде тіркелмеген. Бір адамнан - директордан тұратын әуе компаниясы және мұнда түсініксіз ұшақ ұшады, кімнің қалай қызмет көрсететіні түсініксіз. Мұндай схемаларға рұқсат етпеу керек", - деп мәлімдеді Қазақстан туроператорлар қауымдастығының мүшесі Салтанат Омарова.

ҚР туроператорлар қауымдастығы тарапынан жасалған айыптардың бірі - компанияның Boeing 767-300 ұшағын "дымқыл лизингке" (жауапкершілігі лизинг берушінің мойнына жүктелген міндетті техникалық қызмет көрсету, оның жөндеуі, сақтандыруы және басқа да операциялар - Авт.) алғаны болды. Бұл жағдайда "Харьков әуе жолдары" әуе компаниясының борты және украин экипажы пайдаланылған.

"Әрбір әуе компаниясы "дымқыл лизинг" бойынша ұшақты пайдалана алады. Оған ұшақ, экипаж, ұшақтың техникалық қызмет көрсетілуі кіретіні тұспалданады. Не үшін? Себебі компания аз уақыт мерзімінде ұшақты пайдалануы үшін және оны пайдалану кезінде барлық қажетті сертификацияларды өту үшін, алдағы уақытта бұл ұшақты қаржы лизингі немесе шұғыл лизингке алу үшін", - дейді "Инвест Авиа" компаниясының вице-президенті Сергей Егоров. Оның айтуынша, егер ұшақты сатып ала салса, онда ол мамандар білім алғанша және олар қажетті рұқсатты алғанша жарты жыл тұрып қалады. Ол бұл лизинг түрін өз уақытында "Эйр Астана" да, SCAT та қолданғанын айтады.

Компания басшылығы Қазақстан туроператорлар қауымдастығының жоқ делінген рейстерге билет сату туралы мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді. Егоров әуекомпанияның билет сатумен айналыспайтынын қайталады.  

"Әуе компаниясының өзі ешқандай да сатумен айналысып жатқан жоқ. Азаматтық авиация комитеті шатасқан. Олар біздің компания қандай да бір сатумен айналысып жатыр деп ойлаған", - деді Сергей Егоров. Ол әуекомпанияға бағытталған сөгістің барлығыненді ғана қазақстан нарығына кіріп жатқан PEGAS Touristik халықаралық туристік компаниясының беделін түсіру мақсатында жасалып жатыр деп есептейді. Бұл компания осы жылдың көктемінде "Инвест Авиа" компаниясымен келісімшарт жасасқан.

"Туристік қандай да бір ұйымдардың және тағы да бір мемлекеттік емес ұйымдардан біздің туристердің сатып алу қабілетін жою мақсатында түрлі әдістермен не компанияның, не туроператордың абыройын төгуге бірнеше рет белгілі бір қысым түсіріліп жатыр", - деді ол. 

Тағы мәселеге назар аудару керек. Алғашқы Tengrinews.kz жарияларымдарының бірінде "Инвест Авиа" "БТА Страхование" компаниясында Boeing 767-300 ұшағын сақтандырғаны жайлы жазылған болатын. Бірақ ""БТА Сақтандыру" АҚ БТА Банктың еншілес компаниясы" "Инвест Авиа" компаниясымен сақтандыру туралы келісімшарттың жоқтығын жазған хат жолдады.  

"Инвест Авиа" вице-президенті "БТА Страхование" компаниясымен келісімшарттың болғанын, бірақ тиімсіз жағдайларға байланысты оны қайтарып алғанын және басқа компаниямен келісімшарт жасалғанын түсіндірді. 

"Сол сертификатты біз ресми түрде қайтарып алдық және "Лондон-Алматы" компаниясымен келісімшартқа отырдық, себебі олар тиімді тариф ұсынды. Бұл сақтандырумен "PEGAS Touristik" туристік компаниясының мәскеулік офисі айналысты", - деді ол.

Айта кетейік, PEGAS Touristik компаниясының тапсырысы бойынша "Инвест Авиа" әуе компаниясы бірінші рейсте 31 қазан күні Алматы - Шарм-эль-Шейх бағытында жасауды жоспарлап отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети