Азия даму банкі бюджетті үнемдеу үшін ұшақпен жүруді шектейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия даму банкі бюджетті үнемдеу үшін ұшақпен жүруді шектейді ©РИА Новости

Азия даму банкі бюджетті үнемдеу үшін бірінші сыныптық әуе сапарларынан бас тартады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АДБ президенті Такехико Накаоға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия даму банкі бюджетті үнемдеу үшін бірінші сыныптық әуе сапарларынан бас тартады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АДБ президенті Такехико Накаоға сілтеме жасап.

"Басқарушылар кеңесі мүшелері тағы бір мәселені - іссапарлар шығынын азайтуды көтеріп отыр. Біз миссиялардың және миссиялармен сапар шегетін адамдардың қатарын азайтқымыз келеді, ондай сапарлар бір-бірін қайталамауы керек. Сондықтан біз бұдан былай бірінші сыныппен ұшуды доғаруды ұйғардық. Бұл ұсақ-түйек қана, дегенмен біз сонымен бірге, бұл мақсаттар үшін арнайы машиналарды емес, таксилерді қолдану керек деп шештік", - деді Такехико Накао АДБ 47-отырысын өткізу нәтижелері бойынша өткен қорытынды баспасөз мәслихатында.

Накао көптеген дамушы елде уақытша тұру шығындарының артып отырғанын айтты. "Біздің келешектегі бюджетіміз мейлінше үнемді негізде болуы үшін біз үнемдеудің бар мүмкіндіктерін қарастырамыз. Әрине, біз бұл жұмысқа ең белсенді, әрі кәсіпқой адамдарды тартқымыз келеді", - дейді Накао.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети