Әзірбайжан БЖЗҚ-ның Халықаралық банкке салған ақшасын қайтарып беруге уәде береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзірбайжан БЖЗҚ-ның Халықаралық банкке салған ақшасын қайтарып беруге уәде береді © report.az

Қазақстандықтардың Халықаралық Әзірбайжан банкіне салған зейнетақы жинақтары қайтарылатын болады. Мемлекет банкті құтқарып қалу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Әзірбайжанның адвокаттар алқасының мүшесі Акрам Гасанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputniknews.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың Халықаралық Әзірбайжан банкіне салған зейнетақы жинақтары қайтарылатын болады. Мемлекет банкті құтқарып қалу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Әзірбайжанның адвокаттар алқасының мүшесі Акрам Гасанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputniknews.

Басылымның мәліметінше, Әзірбайжан үкіметі банктің қарыздарын төлеп беру туралы шешімге келді. Сондықтан қазіргі уақытта сарапшының айтуынша, БЖЗҚ-ға да, Халықаралық банкке қаржы салған басқа компанияларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Міндеттер қайта құрылымданған соң Халықаралық банк таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан енді банкте ешқандай проблема болмайды. Оларға алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстанда негізсіз шу шығып кетті", - деді сарапшы Акрам Гасанов. 

Еске сала кетейік, осыған дейін сарапшы Рахым Ошақбев БЖЗҚ-ның инвестициялауына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің 71,3 миллиард теңгесі Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған. "Осылайша, зейнетақы активтерінің сақталуына қатысты үлкен қауіптер пайда болуы мүмкін", - деген еді сарапшы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети