21 тамыз 2015 | 14:29

Азия даму банкі Қазақстанға бір миллиард доллар көлемінде кредит беруге келісім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bykvu.com © bykvu.com

Азия даму банкі Қазақстанға бір миллиард доллар көлемінде кредит беруге келісім берді, - деп хабарлайды РИА Новости. Қаржы институтының өкілдері бұл кредиттің "елге мұнайдың әлемдік бағасының күтпеген әрі айтарлықтай дәрежеде жағымсыз салдарын және көршілес елдер экономикасының дамуының баяулауын реттеуге мүмкіндік беретінін" атап өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Азия даму банкі Қазақстанға бір миллиард доллар көлемінде кредит беруге келісім берді, - деп хабарлайды РИА Новости. Қаржы институтының өкілдері бұл кредиттің "елге мұнайдың әлемдік бағасының күтпеген әрі айтарлықтай дәрежеде жағымсыз салдарын және көршілес елдер экономикасының дамуының баяулауын реттеуге мүмкіндік беретінін" атап өтті.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. Жаңа қаржы саясатына қатысты пікір білдіре отырып ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов "жаңа жүйенің ішкі валюта нарығындағы жағдайға күнделікті әрекет етуге мүмкіндік беретінін, сонымен қатар, нарық бағамының терең макроэкономикалық фундаменталды жағдайына негізделетінін" айтты.

Сонымен қатар, ол нәтижесінде қазақстандық банктердің кредиттеуді қайта жаңартуға мүмкіндігі пайда болатынын атап өтті. "Инфляциялық таргеттеу - айырбас бағамы емес, келешектегі орта мерзімді инфляцияның келісімді ақша-кредит режимі. Біз соңғы уақытта алдағы 6-12 айда өтеміз деп ойлағанбыз, дегенмен жаңа айтып өткенімдей, алғышарттар жасалып қойды. Еркін ауытқу бағамы - нарық бағамды сұраныстар мен ұсыныстарға орай өзі анықтайды. Біздің осыған өтуімізге байланысты соңғы уақытта көп пікірталас болды. Біз жаңа жүйе ішкі валюта нарығындағы жағдайға күнделікті әсер етіп отырады деп есептейміз", - деді Келімбетов.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети