Келешекте Қазақстан банктерінен ірі көлемде қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілу қажет. Мұны "Алаш айнасына" пікір білдірген сарапшыларымыз алға тартып отыр.
Келешекте Қазақстан банктерінен ірі көлемде қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілу қажет. Мұны "Алаш айнасына" пікір білдірген сарапшыларымыз алға тартып отыр.
Жалпы, еліміздің қаржы полициясының банктерден қолма-қол алынатын көлемді қаржыға шектеу қою туралы ұсынысты айтқанына біраз болды. Қаржы полициясы мамандарының байыптауынша, жеке тұлғалардың банктен алатын қаржысының көлемі 5 млн теңгеден, ал заңды тұлғалардың қолма-қол алатын қаржысы 17 млн теңгеден аспауы қажет. «Егер біз болашақта мұндай шектеу қоятын болсақ, жекеменшік фирмалардың ісін жүргізу кезінде банктен қолма-қол барып қаржыны молынан көсіп алатындардың қаржыны жөнсіз шашуына жол бермеген болар едік. Бұл бастама заңды тұлғалардың қолында бар қаржының қадірін білуге, қаржыны орынды жұмсауға, діттеген мақсатқа ғана ақшаны бағыттауға ықпал етеді» деседі аталмыш орган мамандары.
Тіпті қайсыбір мамандарымыздың айтуынша, бұл үрдіс әсіресе мемлекеттік сатып алу кезінде ұтып шыққан фирмаларға қатысты жүргізілгені жөн. Олай етпесек, тендерден ұтып шығып ақшаларын тегеурінсіз шашып жүрген жекеменшік фирмаларға, мердігер компанияларға тізгін болмай отыр. Сонымен бұл бастама негізді ме? Банктегі ақшаны қолма-қол алуға шектеу қою қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...