Банктер БЖЗҚ-дан 200 миллиард теңге алуға мүдделі - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банктер БЖЗҚ-дан 200 миллиард теңге алуға мүдделі - Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі экономиканы кредиттеуге қолдау көрсету үшін БЖЗҚ-ның 200 миллиард теңгеге дейінгі сомасын алуға мүдделі. Зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау жөніндегі бағдарламаны әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктегілердің мәліметінше, бағдарламаға меншікті капиталы 60 миллиард теңгеден асатын банктер қатысады.

"БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін банктердің облигацияларына инвестициялау бағалы қағаз шығарылымының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде Қазақстан қор биржасының сауда алаңында жүзеге асырылатын болады. Облигацияларды қосымша орналастыру шеңберінде, яғни басқа инвесторлардың міндетті қатысуымен ғана сатып алуға болады. Ұсынылған тетік нарыққа қатысушылардың облигациялар бойынша кірістіліктің нарықтық мөлшерлемелерін айқындауына және эмитенттерге шоғырлану тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді", - деді банк өкілдері.

Осы бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге облигациялық бағдарламаға қатысуға ұсыныс жіберді, оған банктердің көпшілігі қызығушылық танытты. Бүгінгі күні жоғарыда көрсетілген облигациялық бағдарлама шеңберінде "Банк ЦентрКредит" АҚ алғашқы болып зейнетақы активтерінің есебінен Қазақстан қор биржасында 3,6 жыл өтеу мерзімімен және жылдық 12 пайыздық кірістілікпен облигацияларды орналастырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети