13 қыркүйек 2017 | 15:32

Банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынастары жаңа деңгейге шықты - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Ақышев. © Тұрар Қазанғапов Данияр Ақышев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан банктері клиенттерге онлайн режимде 24/7/365 форматында қызмет көрсетуге біртіндеп өтуде. Бірқатар банктерде биометриялық технологиялар - дауыс бойынша тану, фотосурет немесе бейнебейне негізінде келбетті сканирлеу қолданылуда. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан банктері клиенттерге онлайн режимде 24/7/365 форматында қызмет көрсетуге біртіндеп өтуде. Бірқатар банктерде биометриялық технологиялар - дауыс бойынша тану, фотосурет немесе бейнебейне негізінде келбетті сканирлеу қолданылуда. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық банктердің клиенттері банк шоттарын, төлем карточкаларын, депозиттер ашу, кредит алу үшін банк бөлімшесіне келуі міндетті емес. Мұндай барлық қызметтер онлайнтүрде көрсетіледі. Банктердің клиенттері әлеуметтік желілердің көмегімен төлемдер жүргізіп, өзге де қаржылық қызметтерді ала алады.

"Смартфон клиенттің банкпен қарым-қатынас жасауының жаңа арнасы болуда. Ұлттық банк Үкіметпен және банк қоғамдастығымен бірлесіп мобильдік қаржылық қызметтерді дамыту жұмысын жүргізуде. Мобильдік құрылғыны нақты уақытта пайдалана отырып, оның ішінде мобильдік телефон нөмірімен азаматтар арасында төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін мобильдік төлемдердің P2P деп аталатын жаңа буынын жасау мәселесі қарастырылуда", - деді Ақышев.

Мұндай шешім, оның айтуынша, төлемдерді жылдам әрі қолайлы жүргізуге мүмкіндік береді, төлемдерді қабылдауды ұйымдастыру үшін қымбатқа түсетін инфрақұрылымның болуы да қажет болмайды.

"Ұлттық банк, өз тарапынан, 2016 жылғы қарашада «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын іске қосты, оның негізгі екі функциясы бар. Біріншіден, телефоны бар кез келген адам Ұлттық Банкке сұрақ қойып, жауапты 5 сағат ішінде өзінің телефоны арқылы ала алады. Екіншіден, қаржы саласындағы жаңалықтар мен маңызды оқиғалар шұғыл түрде жіберіліп отырады», - деді Ақышев.

Ол "ҚҰБ Online" мобильдік қосымшасы жұмыс істегеннен бергі 10 айда 10 000-нан аса пайдаланушының тіркелгенін, азаматтардан 2 000-нан аса өтініш келіп түскенін атап өтті.

"Сонымен бірге Ұлттық банк жаңа технология - халықтың бағалы қағаздарды сатып алу және сату операцияларын блокчейн негізінде жүргізуіне арналған мобильдік қосымшаны әзірлеуді аяқтады. Пилоттық жобада Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын пайдалану қаралады. Ұсынылып отырған шешім азаматтарға онлайн режимде Ұлттық Банктің ноттарынброкерлер мен дилерлер арқылы делдалдарға жүгінбей-ақ мобильдік телефоннан сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді.  Салық пен комиссия төлемей. Абсолюттік өтімділік және иелену мерзімдері бойынша ешқандай шектеулер жоқ", - деді Ұлттық банктің басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети