10 қыркүйек 2014 | 20:52

Банктердің шетелде қаржы сақтауына тыйым салу 240 млрд долларды ел экономикасына қайтарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews © мұрағатынан Тengrinews © мұрағатынан

Ұлттық банктің отандық банктерге шетелде қаржы ұстауға тыйым салуы Қазақстан экономикасына 240 млрд доллар шамасында қаржы әкеледі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банктің отандық банктерге шетелде қаржы ұстауға тыйым салуы Қазақстан экономикасына 240 млрд доллар шамасында қаржы әкеледі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"1 қазаннан бастап отандық банктердің шетелде қаржы ұстауына тыйым салу жүйесі күшіне енеді. Өз кезегінде бұл шара Қазақстан экономикасына 240 млрд доллар қаржы әкеледі деп күтілуде" - деді Қожахметов. 

Бұған қатысты еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов 1 қазаннан бастап елдегі "Халық" банкі мен "Қазкомерцбанктен" өзге банктер түгелдей шетелде сақтаған қаржыларын елге әкеле бастайтынын, мұның салдарынан ішкі нарыққа  70 пайызға жуық капитал енетінін айтып отыр.

"Кез келген банктің атқарар жұмысы ішкі нарыққа қаржы тарту болуы тиіс. Сондықтан біздің қояр талабымыз - банктердің 70 пайыз акциялық капиталы Қазақстанда сақталуы тиіс. Капиталын доллармен немесе теңгемен жинақтай ма, ол банктердің өз таңдауы. Бірақ біз оларға Қазақстан экономикасы үшін қаржы жинақтауды, сақтауды міндеттеп отырмыз" - деді Келімбетов.

Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап елдегі жүйеленген барлық  банктер капиталдарын елге тарта бастайды. Бастапқыда оларға 30 пайыз капиталын елге әкелу міндеттелсе, 2015 жылдың 1 қазанынан бастап бұл межені 70 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк еліміздегі екінші деңгейлі банктерге шетелде қаржы ұстауға тыйым салды. Нақтырақ айтсақ, бұл шектеу ішкі нарықтан тартылған ақшаға қатысты. Келімбетовтің таратқан деректеріне сүйенсек, көптеген банктер соңғы үш жылда валюталық алыпсатарлыққа қатысу арқылы қаражаттың тең жартысын өзге елге шығарған. Енді мұндайға жол жоқ. Қаржы реттеушілері валюта операциясының банк активінен 30 пайызға артуына мүмкіндік бермейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети