Банктерге кейбір комиссия түрін алуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банктерге кейбір комиссия түрін алуға тыйым салынды © bankist.ru

21 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы заң аясында банктердің қос комиссиялар алуына тыйым салуды белгілейтін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңына өзгертулер енгізілді. Яғни банктік есепшотты жүргізгені үшін және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені үшін комиссия алуға тыйым салынды. Осы түзетулер заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.

Қазіргі уақытта Ұлттық банк басқармасының қаулысына сәйкес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде есепке алынатын 56 пайыздан аспайтын банктік қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың 11 түрі қарастырылып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети