"Бәйтерек" холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәйтерек" холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алды Фото ©РИА Новости

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі ("Сбербанк" АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі ("Сбербанк" АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалғаны және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өткені айтылды.

"Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемесін орындауды жалғастырады, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалады.

"Бәйтерек" холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді. Сбербанк Қазақстанның заманауи инфрақұрылымы мен технологиялары ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға және қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта "Сбербанк Қазақстанға" ребрендинг жүргізілетіні айтылды.

"Бәйтерек" холдингі банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және банктің бұрынғы, сондай-ақ жаңа клиенттеріне арналған банк қызметтерін дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети