28 мамыр 2019 | 11:44

"Бәйтерек" холдингінде кадрлық өзгерістер болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен жаңа Басқарма мүшелері - Басқарма төрағасының орынбасары және Басқарушы директорлар сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі акционерлік қауымдастық баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен жаңа Басқарма мүшелері - Басқарма төрағасының орынбасары және Басқарушы директорлар сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі акционерлік қауымдастық баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осылайша, Қарағойшин Рустам Тимурұлы "Бәйтерек" Холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

2004 жылы Қарағойшин Р.Т. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын "Бухгалтерлік есеп" мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы Халықаралық Бизнес Академиясын "Іскерлік әкімшілік магистрі" бағдарламасы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("ҚДБ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) Жобаларды талдау департаментінің менеджері қызметінен бастады, одан әрі бас менеджер, басқарма бастығы болған. Бұдан әрі "ҚДБ" АҚ-ның еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" АҚ-на ауыстырылды.

2007 жылы "ҚДБ-Лизинг" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі болып тағайындалған. 2011 жылы "Petroleum Operating" ЖШС мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаментінің сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы лауазымында болды. 2012 жылы "Credit Systems" ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2013 жылы "Сбербанк Лизинг" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары, кейіннен Бас директоры қызметін атқарған.

2015 жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылғы ақпаннан бастап мамырға дейін "Қазақстан астық консорциумы" ЖШС-нің Бас директоры лауазымында болды.

Сонымен қатар, Жанке Тимур Амантайұлы мен Омаров Марат Талғатұлы "Бәйтерек" холдингінің Басқарма мүшелері - басқарушы директорлары болып сайланды.

Жанке Т.А. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Халықаралық қатынастар" мамандығы, Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін "Мұнай және газ кен орындарын әзірлеу" мамандығы бойынша және Маастрихт менеджмент мектебін MSM, Нидерланды (MBA бизнесті басқару магистрі) бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының Туризм департаментінің бас маманы ретінде бастады.

2001 жылдан 2002 жылға дейін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы қызметінде болған. 2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін - "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ менеджері. 2003 жылы "ҚазМұнайТеңіз" ҰК" ЖАҚ Бас директорының көмекшісі болып тағайындалды. 2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-да бас менеджер болып жұмыс істеген. 2007 - 2008 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз - Сервис Compass" ЖШС Бас директорының орынбасары, 2008 жылдан 2014 жылға дейін осы компанияның Бас директоры болды. 2014 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. "Құрмет" Орденімен марапатталған (2012 жыл).

Омаров М.Т. 2010 жылы британдық Йорк университетін "Болашақ" бағдарламасы бойынша, 2011 жылы Лондондық экономика және саяси ғылымдар мектебінде (LSE) магистратураны тәмамдаған.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің (бұдан әрі - экономика және бюджетті жоспарлау, ұлттық экономика) кеңесшісі болған.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тарифтік және институционалдық саясатын қалыптастыру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін - "Қазақтелеком" АҚ Басқарушы директоры.

2017 жылғы сәуірден бастап 2019 жылғы мамырға дейін "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Басқарма төрағасы, транформацияланудан кейін "QazTech Ventures" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) Басқарма төрағасы лауазымын атқарған.

"Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл" (2015 жыл), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" (2016 жыл) мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Бәйтерек" холдингінің Басқармасы құрамына кіреді:
Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы - Басқарма Төрағасы;
Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы - Басқарма Төрағасының орынбасары;
Қарағойшин Рустам Тимурұлы - Басқарма Төрағасының орынбасары;
Хамитов Ерсайын Ерболатұлы - Басқарушы директор;
Қуатова Айнұр Саинқызы - Басқарушы директор;
Жанке Тимур Амантайұлы - Басқарушы директор;
Омаров Марат Талғатұлы - Басқарушы директор.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети