Бизнестің қауіпсіздігі басшыдан басталады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.

Әрбір бизнес жетекшісіне өз кәсібінің табысы мен қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ақпарат ең құнды ресурстардың біріне айналған цифрландыру мен жаһандану дәуірінде бұл ақпаратты алаяқтардан қорғай білу аса маңызды қабілеттердің бірі болып тұр. Алаяқтықпен күрестегі негізгі факторлардың бірі – жетекшінің дұрыс, әрі сауатты ұжым құруға бастамашы болуы.

Бұл неліктен маңызды

Бүкіл компанияның бағыты мен мәдениетін басшының қалыптастыратыны белгілі. Ол өзі үлгі болып, қауіпсіздік мәселелеріне ұқыптылық танытса, командасы да сол бағытты ұстанады. Ал жетекшінің сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдары ауыр болуы мүмкін: деректер ұрланып, қаржылық шығындарға ұшырайды, тіпті, бизнесінің тоқырап қалуы да ғажап емес.

Негізгі қауіптер

  • Адами фактор: Ең негізгі қауіп қызметкерлердің қателіктерінен келуі мүмкін. Олардың маңызды жайттарға мән бермеуі, білімінің жетіспеушілігі мен қауіп-қатерлерді түсінбеуінің кесірінен алаяқтар құпия ақпаратқа қол жеткізуі мүмкін. Жетекшінің міндеті – қызметкерлерді жүйелі түрде оқытып тұру және біліктілігін арттыру.
  • Бақылаудың болмауы: Компаниядағы жұмыс дұрыс ұйымдастырылмай, нақты нұсқаулар мен тиісінше қадағалау болмаса, алаяқтар үшін қолайлы жағдай жасап қойдым дей беріңіз. Қауіпсіздік шараларын әзірлеу және енгізуді жетекшінің өзі тікелей қадағалауға тиіс.
  • Ынталандырудың аздығы: Егер қызметкерлер қауіпсіздіктің маңыздылығын түсінбесе немесе деректерді қорғау үшін өздерін жауапты сезінбесе, негізгі ережелерді елемеуі мүмкін. Жетекшінің міндеті – қауіпсіздік стандарттарын сақтау жауапкершілігі мен ынталандыру мәдениетін қалыптастыру.
  • Лицензиясы жоқ бағдарламалық жасақтаманы пайдалану: Бағдарламалық жасақтаманың пираттық нұсқаларын пайдалансаңыз, кибершабуылдар мен деректердің қолды болу қаупі арта түседі. Лицензиясы жоқ бағдарламаларда жаңартулар мен қауіпсіздік пакеттері уақтылы жасалмайды, демек, жүйе жаңа қауіптерге төтеп бере алмайды. Жетекшінің міндеті – әзірлеушілер дер кезінде жаңартып, қызмет көрсетіп отыратын тек қана лицензиясы бар БЖ қолданылуына жағдай жасау.

Бизнесті қорғауға арналған кеңестер

  • Жүйелі оқыту: Қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі тренингтер мен семинарлар өткізіп тұрыңыз. Команданың әрбір мүшесі өзінің рөлі мен жауапкершілігін түсінуі керек.
  • Нақты тәртіп пен нұсқаулар: Деректерді өңдеу және сақтауға байланысты барлық операцияларды іске асырудың түсінікті және нақты тәртібін әзірлеп, енгізіңіз.
  • Бақылау мен аудит жүйелері: Осал тұстарды анықтап, жою үшін ішкі бақылау және тұрақты аудит жүргізу жүйелерін енгізіңіз.
  • Технологиялық шешімдер: Деректерді қорғау үшін шифрлау, екі факторлы аутентификация, жүйеге рұқсатсыз кіретіндерді анықтау жүйелері секілді заманауи технологияларды пайдаланыңыз. Уақтылы жаңартылатын, жаңа қауіпсіздік пакеттері дер кезінде орнатылып тұратын лицензиясы бар бағдарламалық жасақтаманы, антивирустар мен басқа да қорғаныс бағдарламаларын пайдаланыңыз.
  • Басшының қатысуы: Қауіпсіздік шараларын әзірлеу мен енгізуге жетекшінің өзі тікелей атсалысып, командасына мұның маңыздылығын көрсетуі керек.

Жетекшінің сақтық шараларына бастамашы болып, бұл іске өзінің белсенді араласуы – бизнесті алаяқтардан қорғаудың бірден-бір кепілі. Сауатты және жауапты ұжым құру, тиімді сақтық шараларын енгізу және тұрақты қадағалау тәуекелдерді азайтуға және компанияны қауіп-қатерден қорғауға септігін тигізеді. Есіңізде болсын, бизнесті қорғау өзіңізден басталады.

Tengrinews пен Halyk Bank-тің арнайы жобасының парақшасына өтіп, алаяқтыққа төтеп беру жолдары туралы толығырақ біліңіз.

Tengrinews
Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro