БЖЗҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева 2018 жылдың бірінші жартысында ұлттық қордың қанша табыс тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БЖЗҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева 2018 жылдың бірінші жартысында ұлттық қордың қанша табыс тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2018 жылдың 1 шілдесіне портфельдің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (46,7 пайыз) орналастырылса, 19 пайызы қазақстандық екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздарына инвестицияланған. Валюталық құрылым бойынша 68 пайызы теңгелік қаржы құралдарына салынса, 32 пайызы шетелдердің валюталарында сақталуда", - деді Наурызбаева.
2018 жылдың 1 жартыжылдығында БЖЗҚ зейнетақы активтеріне есептелген инвестициялық табыстың 378 183 миллион теңге болған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 70 пайызға артық болып отыр.
Есептік мерзімдегі табыс құрылымының негізгі бөлігін құнды қағаздар (купон немесе дисконт) бойынша сыйақылар 63 пайыз болды. Инвестициялық табыс құрылымындағы үлесі бойынша қаржы құралдарын қайта бағалаудан түскен табыс екінші орында", - деді басқарма төрайымы.