04 қараша 2020 16:12

Болат Жәмішев Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Болат Жәмішев Bank RBK акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Болат Жәмішев Bank RBK акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәмішевті Директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім бірауыздан қабылданды.

"Bank RBK" АҚ 2020 жылғы 30 қазанда Алматыда өткен банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен банктің директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып Болат Жәмішев сайланғанын хабарлайды. Директорлар кеңесінің шешімімен Болат Жәмішев "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Болат Жәмішев Алматы облысы Гвардия ауданының Алтын – Емел ауылында 1957 жылғы 28 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1992 жылға дейін бірнеше жыл ғылыми қызметпен айналысты. Кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, басшы лауазымдық қызметтерді атқарды.

Әр жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктердің төрағасы, Еуразиялық Даму Банкі Басқармасы төрағасының орынбасары; Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды, сондай-ақ Цеснабанк Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети