16 мамыр 2017 12:32

Бірігу болмайды, "Халық банкі" Казкомды сатып алады - Шаяхметова

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews © tengrinews

Егер келісімшартқа қол қойылса, "Халық банкі" Казкомды сатып алады. Бірігу болмайды, - деп түсіндірді "Халық банкінің" басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Егер келісімшартқа қол қойылса, "Халық банкі" Казкомды сатып алады. Бірігу болмайды, - деп түсіндірді "Халық банкінің" басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сонымен бірге, Шаяхметова осы уақытқа дейін ешқандай нақты құжатқа қол қойылмағанын атап өтті. Келіссөз жүргізу мерзімдері жылжып кеткен. 

"Процесс аяқталуға жақын. Қазір кей сандарды ғана нақтылап жатырмыз. Бұл қиын да, күрделі мәселе. Мемлекеттік ресурстар, сырттан кеңесшілер, аудиторлар, инвест-банкирлер тартылып жатыр. Сонымен бірге, бұл мәселені талқылауға Ұлттық банк те қатысып отыр. Ары қарай не боларын көреміз", - дейді Шаяхметова. 

"Халық банкінің" басқарма төрайымы келісімге қол жеткізілген жағдайда "Халық банкі" Казком акцияларын сатып алып, соңғысы "Халық банкінің" еншілесі болатынын айтады. 

"Мамыр соңына дейін келісімшартқа қол қойылатын мерзімді анықтаймыз деп ойладық, бірақ, келісімшарт өте күрделі болғандықтан, кей мәселелер туындап тұр. Біз әлі жауап алмаған сұрақтар бар", - дейді банк басшысы. 

Сонымен қатар, Шаяхметова "Алтын банктің" акцияларының 60 пайызын қытай банкіне сату туралы айтып берді. Бұл келісімшартқа 2017 жылдың екінші жартысында қол қойылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети