Біріктірілген БТА-Қазком банкінде "шуры-муры" болмайды - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріктірілген БТА-Қазком банкінде "шуры-муры" болмайды - Президент © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы қазақстандық компанияларға шетелдік басшыларды тағайындаудың артықшылығын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы қазақстандық компанияларға шетелдік басшыларды тағайындаудың артықшылығын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазір банк жүйесін қалыпқа келтіріп жатырмыз. "БТА" мен "Қазкоммерцбанкті" біріктірдік, банкты құрып, басқаруға Англиядан менеджерді шақырдық. Бұл банк құрметті болады және оған сенім артылып, ешқандай "шуры-муры" болмайды деп сенемін", - деді Президент Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

"Егер біз жетілмеген болсақ, қайтеміз? Жастар біртіндеп жетіліп, тәжірибе жинақтайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда журналистермен кездескен Қазком басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов БТА Банкі шоттарының 2015 жылдың ортасына қарай Қазкомға беріле бастайтынын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети