"Бұл қаражат экономикаға жұмыс істеуі керек" - Тоқаев банктер бойынша тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бұл қаражат экономикаға жұмыс істеуі керек" - Тоқаев банктер бойынша тапсырма берді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерді тиімді жобаларды несиелеуге ынталандыратын реттеу тетіктерін құру қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерді тиімді жобаларды несиелеуге ынталандыратын реттеу тетіктерін құру қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2022 жылы 4-6 пайыз, 2025 жылы 4 пайыздық мақсатты инфляцияға қолжеткізу үшін Ұлттық банк тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуі керегін айтты.

"Нақты экономиканы несиелендіруді де ұмытпау керек. 2017 жылдан бері банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы жүргізіліп жатыр. Проблемалық несиелер бойынша шығынды жабуға 700 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Алайда несие көлемі мен қолжетімділігін арттыруға қатысты қозғалыс жоқ, ескі мәселе. Бұл туралы әлі айтып келеміз.

Жоғары өтімді банк активтерінің профициті өсіп жатыр. Біз бұл мәселені білеміз, ол банктердің атын да білеміз. Бүгінде бұл профицит 12 триллион теңгеге жуықтады. Бұл қаражат экономикаға, соның ішінде ипотекалық нарықтық бизнесті дамытуға жұмыс істеуі керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президент банктерді тиімді жобаларды несиелеуге ынталандыратын реттеу тетіктерін құру Ұлттық банктің жаңа басшысы (Ғалымжан Пірматов - еск.) мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің міндеті екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети