"Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы" АҚ акционерлерінің құрамы жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы" АҚ акционерлерінің құрамы жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл шілде-тамыз айларында "ОАОЭК" АҚ-ның ірі акционерлері Александр Клебанов пен Сергей Кан "ОАОЭК" АҚ акцияларының 30,9993 пайызына ие болған Еркін Әмірхановтан және өзге де акционерлердің үлестерін сатып алу арқылы өз үлестерін көбейтті. Қазіргі таңда "ОАОЭК" АҚ-ның ірі акционерлері Александр Клебанов пен Сергей Кан теңдей үлеске ие.
13 тамызда "ОАОЭК" АҚ Директорлар кеңесі "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ның 23,8330 пайыз акциясын иеліктен алу туралы шешім қабылдады. Ол акцияларды "ОАОЭК" АҚ-дан Еркін Әмірханов пен онымен байланысты компанияларға өткізу бойынша келісім 25 тамызда "Бағалы Қағаздарды Бірыңғай Тіркеушісі" АҚ-да өтті. Өткізілген келісімдер нәтижесі бойынша "Эксимбанк Қазақстан" АҚ бұдан былай "ОАОЭК" АҚ компаниялар тобына кірмейді.
"Осыған байланысты 25 тамызда "Эксимбанк Қазақстан" АҚ Директорлар кеңесінен Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Александр Клебанов, Директорлар кеңесінің мүшелері - Сергей Кан, Валерия Ким өз еріктерімен шықты", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінің өкілдері.