"Даму" Қоры "Алматы Инновациялар" бағдарламасын қаржыландыру үшін "Қазкомерцбанкке" 1 миллиард теңге несие желісін ұсынды, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
"Даму" Қоры "Алматы Инновациялар" бағдарламасын қаржыландыру үшін "Қазкомерцбанкке" 1 миллиард теңге несие желісін ұсынды, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Бұл қаржының тең жартысы "Даму" Қорының өз қаражаты болса, қалған соманы Алматы қалалық әкімшілігі бөлген. Нәтижесінде "Алматы инновациялар" бағдарламасын қаржыландыруға қажетті 1 миллиард теңге қор құралды.
"Даму" Қоры 500 миллион теңге көлеміндегі бірінші траншты "Қазкоммерцбанкке" аударып қойды. Шарт бойынша банк 6 айдың ішінде Алматы қаласының шағын және орта кәсіпкерлерін "Алматы инновациялар" бағдарламасы аясында қаржыландыра бастауы керек. Негізгі талаптар: Кәсіпкерлер үшін белгіленген жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 8,5 пайыз; Бір адамның қолына 100 миллион теңгеден аспайтын сома тиеді; Жаңа құрал алып, негізгі жабдықтарды жаңарту және айналым қаражатын толықтыру үшін 84 айға дейін беріледі. Қаражат Алматы қаласында ресми тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға ғана бөлінеді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, "Алматы инновациялар" бағдарламасына Өңдеу өнекәсібі, Ақпарат және байланыс, Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет салалары кіреді.