29 қаңтар 2016 | 12:12

Девальвация болмағанда қазақстандықтар кедейленіп кетуі мүмкін еді - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде Қазақстанның теңгенің еркін ауытқу бағамына не үшін өткенін тағы да еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде Қазақстанның теңгенің еркін ауытқу бағамына не үшін өткенін тағы да еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XVII съезі өтіп жатыр. Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі жарияланады деп күтіліп отыр.

"Теңге бағамының төмендеуі - әлемдік экономикаға байланысты болған объективті процесс. Қазір барлығы осы тақырыпта түрлі әнгіме айтып жатыр. Ұлттық банктің теңге бағамын әлі де реттеп отырғанда не боларын ойлаңыздар. Онда барлық азамат бүгін кедейлене түсетін еді. (...) Біздің ұлттық қорымыздағы қаражат таусылып, қаржы жүйеміз қиындап, өнеркәсіптер жабылар еді. Себебі, экспорттаушыларға бұл тиімсіз, кішігірім өнеркәсіптер жабылып, жұмыссыздық деңгейі өсуі де мүмкін еді. Теңге бағамын әлі реттеп отырғанда осындай жағдайға тап болар едік", - деді ол.

"Қазақстандықтар бай бола ма? Жоқ. Өткен жылы қыркүйекте рубльдің құлдырауынан Қазақстанда арзан тауарлар қаптады. (...) Біз осы туралы айтуымыз керек. Теориялық тұрғыдан біз Парламентпен бірге доллар құнын 1 теңге ету шешімін қабылдайтын едік. Бір кездері солай болды да. Үлкендер КСРО кезінде 1 рубль 105 цент болғанын біледі, бірақ бұл елімізді қоршаумен жауып тастаумен тең", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети