©Ярослав Радловский
Ұлттық валютамыз теңгеміздің девальвацияға ұшырауына байланысты БТА банк несие беруін уақытша тоқтатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне БТА банктің баспасөз қызметінен хабарлады. Банк таратқан мәліметте, БТА банктің жалақы жобасына мүше болып табылмайтын жеке тұлғаларға ипотекалық және тұтыну несиелерін беру тоқтатылған. Банк бұл қадамға теңге девальвацияға ұшырағаннан кейін барған. Қысқа мерзімге арналған шектеу шарасы жеке тұлғаларға несие берудің шарттарын қайта қарауға арналған. "Тиісті шешімдер шығарылғаннан кейін БТА банк қарызын қайтаруға қауқарлы клиенттерге несие беруді шамамен 2014 жылы ақпанның 28-і күні қайта қалпына келтіретін болады", - делінген қаржы институты таратқан мәліметте. Еске саламыз, 2014 жылы ақпанның 11-інде Қазақстанда бірмонеталы теңге девальвациясы орын алған болатын. Ол уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңге бағамын бір деңгейде күшпен ұстап тұрудан бас тартып, еркін айналымға жіберген еді. Сол сәттен бастап теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы 185 теңгеге жеткен. Қаржы сарапшылары сондай-ақ, жуық арада доллар бағамы шамамен 197-201 теңгеге дейін жететінін айтып отыр. БТА банк - 2013 жылдың 1 тамызыңдағы мәліметке сәйкес қазақстандық банк жүйесінде жиған активтерінің көлемі бойынша үшінші орында келеді. Ол банктің негізі 1991 жылы қаланған. Ал 2008 жылы бұл банк ребрендинг жүргізіп, логотипі мен фирмалық стилін өзгерткен еді. Оның алғашқы атауы "ТұранӘлемБанкі" АҚ болып тіркелген болатын. 2009 жылы орын алған қаржы дағдарысы кезінде ел Үкіметінің шешімімен ол банктің 75,1 пайыз акциясын мемлекеттік "Самрұқ-Қазына" әл-ауқат қоры сатып алған. Соның арқасында банктің есеп-шотына банкті сақтап қалуға қажетті 251,3 миллиард теңге аударылған.
Ұлттық валютамыз теңгеміздің девальвацияға ұшырауына байланысты БТА банк несие беруін уақытша тоқтатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне БТА банктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Банк таратқан мәліметте, БТА банктің жалақы жобасына мүше болып табылмайтын жеке тұлғаларға ипотекалық және тұтыну несиелерін беру тоқтатылған. Банк бұл қадамға теңге девальвацияға ұшырағаннан кейін барған. Қысқа мерзімге арналған шектеу шарасы жеке тұлғаларға несие берудің шарттарын қайта қарауға арналған.
"Тиісті шешімдер шығарылғаннан кейін БТА банк қарызын қайтаруға қауқарлы клиенттерге несие беруді шамамен 2014 жылы ақпанның 28-і күні қайта қалпына келтіретін болады", - делінген қаржы институты таратқан мәліметте. Еске саламыз, 2014 жылы ақпанның 11-інде Қазақстанда бірмонеталы теңге девальвациясы орын алған болатын.
Ол уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңге бағамын бір деңгейде күшпен ұстап тұрудан бас тартып, еркін айналымға жіберген еді. Сол сәттен бастап теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы 185 теңгеге жеткен. Қаржы сарапшылары сондай-ақ, жуық арада доллар бағамы шамамен 197-201 теңгеге дейін жететінін айтып отыр.
БТА банк - 2013 жылдың 1 тамызыңдағы мәліметке сәйкес қазақстандық банк жүйесінде жиған активтерінің көлемі бойынша үшінші орында келеді. Ол банктің негізі 1991 жылы қаланған. Ал 2008 жылы бұл банк ребрендинг жүргізіп, логотипі мен фирмалық стилін өзгерткен еді. Оның алғашқы атауы "ТұранӘлемБанкі" АҚ болып тіркелген болатын. 2009 жылы орын алған қаржы дағдарысы кезінде ел Үкіметінің шешімімен ол банктің 75,1 пайыз акциясын мемлекеттік "Самрұқ-Қазына" әл-ауқат қоры сатып алған. Соның арқасында банктің есеп-шотына банкті сақтап қалуға қажетті 251,3 миллиард теңге аударылған.