"Эйр Астана" Талдықорғанға 14 қыркүйектен бастап ұшады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" Талдықорғанға 14 қыркүйектен бастап ұшады © Тұрар Қазанғапов

"Эйр Астана" Талдықорғанға 14 қыркүйектен бастап ұшады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" Талдықорғанға 14 қыркүйектен бастап ұшады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев хабарлады.

"Талдықорған әуежайының ұшып-қону жолағы Airbus ұшағын қабылдауға дайын. Рейсті "Эйр Астана" компаниясы орындайды. Алғашқы ұшырылу уақыты 4 қыркүйекке белгіленген болатын, кейін 14 қыркүйекке ауыстырылды. Облыс әкімдігі тарапынан барлығы дайын. Билет құны 18 мың теңге шамасында болады. Ұшақтар аптасына үш рет ұшады. Егер жолаушылар саны артса, рейстерді де көбейтеміз", - деді Өнербаев. Ол алғашқы рейстің кешігуі әуе компаниясы тарапынан болғанын айтты.

"Эйр Астана" баспасөз қызметі Өнербаевтың мәлімдемесіне түсінік берді. "Біз әлі ресми ақпарат таратқан жоқпыз. Талдықорған әуежайы біз үшін жаңа, сондықтан да дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деді "Эйр Астана" АҚ өкілі Белла Тормышева.

Ұшып-қону жолағының ұзындығы 2,5 шақырымнан 3-ке дейін ұзартылды. Ені де 44 метрден 60-қа дейін кеңейтілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети