"Эйр Астана" ұшақтарында мәнті берілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" ұшақтарында мәнті берілетін болды © askazan.kz

"Эйр Астана" әуе компаниясы өңірлік және халықаралық бағыттарда ұсынылатын жаңа ас мәзірін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуетасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" әуе компаниясы өңірлік және халықаралық бағыттарда ұсынылатын жаңа ас мәзірін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуетасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, көпшіліктің сұрауы бойынша компания ұлттық тағамдардың санын арттыруға шешім қабылдады, енді мәзірде мәнті бар. "Бизнес-класс рейстеріне арналған алты циклдың біреуінде дәстүрлі тағамдар ұсынылатын болады". Айта кетейік, жаңа мәзір 1 сәуірден бастап Алматы, Париж және Стамбұл рейстеріне, ал 1 мамырдан бастап Астанадан ұшатын рейстерге енгізіледі.

"Біз жаңадан жасалған мәзірде асхананың әртүрлілігіне басымдық бердік. Әрине, біз үшін ең бастысы дәмдердің жақсы үйлесуі мен сапаны одан әрі жақсарта түсуге қол жеткізу. Егер бизнес-класстағы жолаушыларға мәнті көбірек ұнайтын болса, бұл тағамды эконом-классқа да ұсыну мүмкіндігін қарастырамыз, сондай-ақ біртіндеп екі классты да көбірек ұлттық асхана тағамдарымен қамту бойынша жұмыс істейміз", - деді "Эйр Астана" компаниясының бас аспазы Ричард Хайлэнд. Айта кетейік, ұлттық тағамдарды, олардың қатарындағы мәнті дайындауға да тамақтану сапа менеджментінің жүйесі IATA пен HACC халықаралық стандарттарына сәйкес технология қолданылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети