Елімізде банктің кейбір комиссияларына тыйым салынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2019 жылғы наурыздан бастап қарыз беруге байланысты кейбір комиссияларға тыйым салынады. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2019 жылғы наурыздан бастап қарыз беруге байланысты кейбір комиссияларға тыйым салынады. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Соңғы екі жылда Ұлттық Банктің бастамасымен 2018 жылғы 2 шілдедегі және 2019 жылғы 21 қаңтардағы Заңдардың шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларды кредиттеу кезінде комиссиялардың жекелеген түрлерін алуына тыйым салатын өзгерістер енгізілген болатын.

"Екінші деңгейдегі банктердің  ай сайынғы негізде комиссияларды алуын қысқарту мақсатында Ұлттық банк қарызды берумен және қызмет көрсетумен байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттары бойынша қарызды банктік шотқа аударғаны (бергені) үшін комиссиялар белгілеуге және алуға тыйым салды. Тыйым 2019 жылғы наурыздан бастап жасалатын банктік қарыз шарттарына қолданылатын болады", - деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері. 

Екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларды несиелеуеу кезінде комиссиялардың жекелеген түрлерін алуына тыйым салынды. 2019 жылдан бастап сыйақымен және тұрақсыздық айыбымен қатар, банктер жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша мерзімі қатарынан күнтізбелік 180 күн өткеннен кейін есептелген қарызды берумен және қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге төлемдерді талап етуге құқылы емес.

2019 жылғы 1 ақпаннан бастап өзгерістер күшіне енді, оған сәйкес банктерге қарыз алушыларды төленетін сыйақының мөлшері туралы хабардар ету мақсатында сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін жылдық пайызбен ғана емес, сол сияқты белгілеген сомада, яғни нақты сома мөлшерінде көрсету мүмкіндігі беріледі.

"Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін белгіленген сомада бір айдан аспайтын мерзімге берілген қарыз, төлем карточкасы бойынша кредиттік желі шеңберінде берілген қарыз, овердрафт кредиті, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім бойынша ғана белгілеуге болады. Бұл ретте белгіленген сомадағы сыйақы мөлшерлемесімен қарыздар бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшері заңнамада белгіленген шектеуден аспауға тиіс", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro