12 қаңтар 2022 | 10:41

ForteBank басқарманың жаңа төрағасы тағайындалғаны туралы хабарлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ForteBank-тің Директорлар кеңесі басқарма төрағасының кандидатурасын мақұлдады, басқарма төрағасы болып Рейнис Рубенис тағайындалады. 2021 жылдан бастап басқарма төрағасының міндеттерін атқарған Шолпан Нурумбет басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі ретінде қызметін жалғастырады.


Иконка комментария блок соц сети

ForteBank-тің Директорлар кеңесі басқарма төрағасының кандидатурасын мақұлдады, басқарма төрағасы болып Рейнис Рубенис тағайындалады. 2021 жылдан бастап басқарма төрағасының міндеттерін атқарған Шолпан Нурумбет басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі ретінде қызметін жалғастырады.

Рейнис Рубенис соңғы 25 жыл бойы Еуропаның қаржы нарықтарында жұмыс істеп келеді, ол компанияларды жетекші орындарға шығаратын тәжірибелі және тиімді басқарушы тұлға ретінде танымал. Соңғы 14 жылда Рейнис Латвиядағы ең ірі банк Swedbank-те қызмет атқарды, оның ішінде 5 жыл басқарма төрағасы қызметінде болды. Сондай-ақ, Рейнис Nasdaq Латвия директорлар кеңесінің мүшесі және Латвияның орталық депозитарийі директорлар кеңесінің мүшесі болды. Рубенис мырзаның жетекшілігімен Swedbank командасы активтері мен клиенттерінің саны бойынша Латвия нарығында көшбасшы болды, цифрлық қаржылық сервистерді сәтті енгізіп, елдің ең күшті HR брендін қалыптастыра алды.

Жаңа CEO негізгі стратегиялық бағыттарға - процестердің тиімділігін арттыруға және нарыққа жаңа сервистерді жеткізу жылдамдығын арттыруға назар аударады. Клиенттер тәжірибесін басқарудағы эволюция, еуропалық институттың корпоративтік мәдениетті дамыту, сондай-ақ жергілікті және жаһандық компаниялармен серіктестік бағдарламаларын құру алдағы өзгерістердің маңызды негізі болады.

Рейнистің тағайындалуына қатысты пікір білдіру барысында ForteBank мажоритарлық акционері Болат Өтемұратов келесілерді атап өтті:

"Рейнистің жоғары бәсекелес нарықтарда жетекші қаржы институттарын құру және едәуір кәсіби сараптама жасау тәжірибесі бар. Рейнис өзінің көпжылдық мансабында оның мықты тұсы нарық қатысушыларымен, реттеушілермен және серіктестермен өзара тиімді қарым-қатынас орнату қабілеті екенін дәлелдеді.

Оның тәжірибесі мен күш-қуаты банкке өз клиенттері үшін ең жақсы тұтынушылық тәжірибе қалыптастыруға көмектеседі және бүкіл команданы табысқа жетелейді".

Рейнис Рубенис те қызметінің жаңа кезеңі туралы оң пікір білдірді:

"Мен Forte-нің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын және акционерлерге көрсеткен жоғары сенімі үшін алғыс айтамын. Мен өз тарапымнан банктің табысы мен әрбір клиенттің әл-ауқатын нығайту үшін барлығын жасайтынымды сенімді түрде айтқым келеді. Бүгіннен бастап біз Forte-ні клиенттердің сенімі мен сүйіспеншілігіне ие еуропалық банк ретінде қалыптастырамыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети