Францияның Alstom концерні қазақстандық "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясынан "Электровоз құрастыру зауыты" (ЭҚЗ) бірлескен кәсіпорнының тағы да 25 пайыз акциясын сатып алады. Мұндай келісімге 5 желтоқсан күні Астанада, Франция Президенті Франсуа Олландтың Қазақстанға келген сапары бағдарламасының аясында, ҚТЖ президенті Асқар Мамин мен ALSTOM Transport президенті Анри Пупар-Лафарж қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзара келісімнің қажетті рәсімдері аяқталған соң Alstom ЭҚЗ-ның 50 пайыз пакетімен мажоритарлы акционері болады. Ал ҚТЖ мен Трансмашхолдинг әрқайсысы 25 пайыз акциялардың иесі атанды.
ЭҚЗ қазіргі уақытта Қазақстанда электровоздар шығаратын жалғыз зауыт. Бұл зауыт 2012 жылы желтоқсан айында ашылған. Мұнда жүк локомотиві KZ8А (әлемдегі ең қуатты электровоздардың бірі) және жолаушылар локомотиві KZ4АТ шығарылады.
Келісім кәсіпорынның қызмет аясын кеңейтуге және оның базасында техникалық күтім (қызмет) көрсету орталығын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпорын аумағында электровоздарға арналған тартымды күш трансформаторларын жасап шығару қолға алынады. ЭҚЗ осы трансформаторларды шет елге өткізу үшін Alstom компаниясының ірі жеткізушісі болады.
Alstom Transport президенті Анри Пупар-Лафарж ЭҚЗ кәсіпорнындағы үлестерін ұлғайта отырып, Alstom Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы сенімділігін сомдайтындығын атап өтті. Әрі мемлекеттің қажеттілігін ғана қанағаттандыратын емес, Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД елдерінің, оның ішінде Әзірбайжан мен Өзбекстанның да электровоздарына қызмет көрсететін аймақтық орталыққа айналдыруға үлес қосатындықтарын да тілге тиек етті.