Global Finance Қайрат Келімбетовтің жұмысына баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Global Finance Қайрат Келімбетовтің жұмысына баға берді Қайрат Келімбетов. © РИА Новости

Global Finance журналы әлемдегі орталық банк басшыларының рейтингін жариялады, онда ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов бар.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Global Finance журналы әлемдегі орталық банк басшыларының рейтингін жариялады, онда ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов бар.

Сарапшылар банкирлердің жұмыс тиімділігіне "А"-дан "Ғ"-ке дейінгі шкала бойынша баға берді. Бағалау кезінде негізгі өлшем ретінде инфляцияны бақылау, экономикалық өсім, ұлттық валюта тұрақтылығы мен банктердегі пайыздық мөлшерлемелерді басқару көрсетілген. Келімбетовке "В-" деген баға қойылды, 2014 жылы оның жұмысы "С" деңгейінде бағаланған болатын.

Рейтинг бойынша үздіктер қатарында Чехия, Еуропалық одақ, Үндістан, Израиль, Малайзия, Парагвай, Перу, Филиппин және Тайвань орталық банкінің басшылары бар, олардың бағасы - "А". Ресей банкінің басшысына "B", Әзірбайжан - "С", Өзбекстанға "С-" бағасы қойылды. Ең төменгі баға Аргентина, Гватемала мен Венесуэла орталық банкінің басшысына қойылды.

Айта кетейік, Global Finance орталық банк басшыларының рейтингін 1994 жылдан бері жүргізіп келеді, ол 75 елдің қаржы ұйымына баға береді. Биыл Ботсвана, Исландия, Намибия, Парагвай мен Уганда орталық банк басшыларының жұмысы тұңғыш рет бағаланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети