Қазақстан қор биржасында (KASE) Халық банкінің акциялары едәуір арзандап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сауда деректеріне сілтеме жасап.
Қазақстан қор биржасында (KASE) Халық банкінің акциялары едәуір арзандап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сауда деректеріне сілтеме жасап.
16 наурыз күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, Халық банкінің акциялары алты пайызға - 28,5 теңгеге дейін арзандады. Банк қағаздарының құны дәл осылай соңғы рет 2013 жылы түскен. Айта кетелік, банк акцияларының құны соңғы бір айда тоғыз пайызға, екі ай ішінде 24,8 пайызға түссе, соңғы жарты жылда 43 пайызға дейін төмендеген.
Өткен жылы банк акцияларының құны 54 теңгеге жетті, 2014 жылдың соңында 43 теңгеден жоғары бағаланды. Дегенмен акциялар ақпанда және наурыз айының басында 31 теңгеден сатылды.
16 наурыз күні Халық банкі акциялары бойынша сауда 13 миллион 70 мың теңге болды. Сонымен қатар, бұл күні KAZ Minerals PLC және KEGOC компанияларының акциялары да арзандап кеткен болатын. KAZ Minerals акциялары бес пайыздан 565 теңге болса, KEGOC компаниясының акциялары екі пайызға, 362,9 теңгеге түскен.
Еске салайық, осы жылдың басынан бастап биржада Халық банкі мен Казкомның акцияларына инвесторлық сұраныс төмендей бастаған еді. Ақпан айынан бері ЦентрКредиттің акциялары да арзандай бастады.