"Қазақстан Халық банкі" АҚ алаяқтық операцияларын жасау күдігі бойынша 48 төлем карточкасын оқшаулады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Халық банкі" АҚ алаяқтық операцияларын жасау күдігі бойынша 48 төлем карточкасын оқшаулады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бір тәулік ішінде банктің қауіпсіздік қызметі елордадағы банкоматтардың бірінен скимминг құрылғысын тапты, осыған байланысты банк клиенттерінің қаржы қауіпсіздігін сақтау мақсатында сол күні сол банкоматты қолданған 48 клиенттің төлем карточкасы оқшаулады", - делінген хабарламада.
Қаржы мекемесінің мәліметінше, "Халық банк" скимминг қаупіне тап болған қолданушыларға жаңа төлем карточкаларын шығару үшін өз қаражатын жұмсайды. Бұл төлем карточкалары арқылы жасалатын алаяқтықтың аса жоғары технологиялық түрі, ол банкоматтардың көмегімен жүзеге асырылады. Алаяқтар ол үшін электронды құрылғыларды пайдаланады, оның көмегімен төлем карточкасындағы мәлімет пен карточканың ПИН-коды ұрланады.
"Халық банк" мынаны ескертеді: "Егер сізде банкоматта алаяқтық құрылғылардың қойылғаны туралы күмән пайда болса, ол банкоматты қолданбаңыз (қолма-қол ақша, карт-шот бойынша баланс алу, ұялы байланыс қызметін төлеу) және сізден ол туралы карточканың артқы жағында көрсетілген телефондар арқылы банкке хабарлауыңызды сұраймыз".