Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Халықаралық валюта қорының басшысы білім беру туралы баяндамасында Абайдың сөзін мысалға келтірді

24 Мамыр 2016, 16:45
0
Кристин Лагард. © REUTERS
Кристин Лагард. © REUTERS

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард Астанадағы Назарбаев Университетінде сөз сөйлеу кезінде экономикалық өсімге септігін тигізген бірнеше ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лагард бірінші кезекте ақша-кредит және салық-бюджет саясатының негізін жетілдіру керектігін атап өтті. "Еркін ауытқу бағамына өту макроэкономикалық саясатты модернизациялаудың бастамасы ғана болған. Жағымсыз әсері бар болғандықтан, ақша-кредит және салық-бюджет саясатының негіздерін жетілдіру маңызды, себебі олар айырбас бағамының аса иілгіш жағдайында тиімді жұмыс істеуі тиіс. Бұл орталық банкке нақты тапсырмаларды жүктейді. Осы тапсырмаларды орындау үшін орталық банк бағалардың тұрақтылығына, қаражаттың, құралдардың және тәжірибелердің нығаюына қол жеткізуге талпынуы тиіс. Бұдан ірі әрі дамыған қаржы нарықтары қаржы делдалдығының жетілуіне және қаржы жүйесінің бұдан да кең қолданыс аясына қолдауға жол беруі мүмкін", - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, қор директорының пікірінше, Қазақстан институттардың айқын және тиімді болуы үшін жасап жатқан жұмыстарын әрі қарай жалғастыра беруі тиіс. Себебі бұл мемлекеттің инвестициялық тартымдылығына әсер етеді. "Тек бір мысал келтіріп өтейін, Дүниежүзілік экономикалық форумының 2015-2016 жылдар бойынша "Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік баяндамасында" өңірдегі елдердің, оның ішінде Қазақстанның өткен жылы өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда белгілі бір ілгерілеуге қол жеткізгені айтылады.

Алайда қаржыландыруға деген шектеулі мүмкіншіліктер мен жемқорлық Қазақстанда бизнес жүргізуге кедергі келтіретін күрделі факторлар ретінде айтылып отыр.

Сонымен қатар, Кристин Лагард мемлекеттің техникалық дамуға, білімге және әлемдік экономикаға ашық болуға үлкен мән беруі тиіс екендігін атап өтті. Ол өзінің баяндамасында қазақтың ақын, композитор және философы Абайдың сөзін мысал ретінде айтып өтті.

"Сіздердің мемлекеттеріңіз - Орталық Азия өңіріндегі ең ірі экономика және халық саны бойынша екінші орын алады. Сонымен қатар, ең жас мемлекеттердің бірі - жеті миллионға жуық адам 25 жасқа жетпеген. Мұнда мәселе білім беру мен технологияны меңгеру және әлеммен байланыс жайында болып отыр. Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев "Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады" деп айтқан. Қуанышымызға орай, жауымыз жоқ, бірақ қиындықтар болады, біз оны еңсеруіміз керек. Келер ұрпақтың жетістігі шығармашылық пен инновациялармен байланысты бола бастайды. Математика мен ғылымды меңгеру арқылы сіздер инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасауға қажет болатын дағдыларға ие боласыздар", - деп мәлімдеді ХВҚ басшысы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай