ІІМ өкілдері Цеснабанк жайлы қауесет таратқандарды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ өкілдері Цеснабанк жайлы қауесет таратқандарды іздестіріп жатыр © primeminster.kz

Құқық қорғау органдарының өкілдері "Цеснабанк" АҚ-тың жағдайы нашарлады деген қауесетті таратқандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Цеснабанк" АҚ өкілдерінің өтініші бойынша ІІМ Тергеу департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде банктің қаржы жағдайы нашарлағаны жайлы таралған мәліметтерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша ("Көрінеу жалған ақпарат тарату")  сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Сәдубаев.

Оның айтуынша, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде осы мәліметті таратушылар анықталды, қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған шаралар жүріп жатыр.

Сәдубаев осындай қылмыс жасағандардың заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети