29 қараша 2017 | 17:51

Ипотеканы қалай арзандатуға болады? Құлыбаев премьер-министрге ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа мемлекеттік ипотекалық несиелендіру мәселесін екінші деңгейлі банктерге тапсыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа мемлекеттік ипотекалық несиелендіру мәселесін екінші деңгейлі банктерге тапсыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңейтілген отырысында айтты.

"Бақытжан Әбдірұлы (премьер-министр Бақытжан Сағынтаев - автор), біз өткен аптада Шығыс Қазақстан облысында болып қайттық. Даниал Кенжетайұлы (ШҚО әкімі Даниал Ахметов - автор) бізге "Тұрғын үйді қаржыландырудың не қажеті бар? Бұл мәселені екінші деңгейлі банктерге жолдамайсыңдар ма? Бұл екінші деңгейлі банктер айналысатын ең оңай тапсырма ғой. Біз халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсеткіміз келеді, онда соларға арзанырақ ипотека берейік" деп ұсыныс жасаған", - деді Тимур Құлыбаев үкімет басшысына.

"Бізде тұрғын үйлерді дамыту мәселесімен кімдер айналысады? "Самұрық-Қазына" ма? Олардың міндеті үй салу ма? Әлде ол "Бәйтерек" қорының міндеті ме?", - деп сұрады Құлыбаев.

Оның айтуынша, осындай жағдайлар жекеменшік бизнестің дамуына кедергі келтіріп жатады.

Cондай-ақ, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы түрлі тұрғын үй қорларына жұмсалып жатқан ақшаны ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін азайту мақсатында оларды қаражаттандыруға жұмсаған жөн екенін айтты.

"Біз қаржыгер ассоциациясының атынан адамдарды шақыруға дайынбыз. Базалық институттағыларды алайық. Ұлттық экономика министрлігі. Мұнда сарапшылар да отыр, біз сіздерге көмектесеміз", - деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев Сағынтаевқа.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети