Жаһандық қаржы дағдарысының ошағы қай ел болуы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаһандық қаржы дағдарысының ошағы қай ел болуы мүмкін?

Жаңа коронавирустың таралуы жаһандық қаржы дағдарысына алып келсе, оның ошағы Италияның банк секторы болады. Мұндай шешімді Washington Post газетінің экономикалық шолушысы Дэвид Линч айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол елдегі коммерциялық қызметтің тоқтауын ескере отырып, әлемнің сегізінші ірі экономикасының болашағы банк жүйесінің төзімділігіне байланысты деп санайды. Алайда Италияның банк жүйесі ұзақ уақыт бойы Еуропадағы ең әлсіздердің бірі болып саналған. 

Журналистің айтуынша, бизнес пен жеке тұлғалар ақшасыз қалса, несиелерін төлей алмай қалуы мүмкін.

Тағы бір мәселе ретінде ол Римнің дағдарысқа қарсы қымбат шаралары инвесторларды қорқытып отырғанын және банк активтерінің көп бөлігін құрайтын мемлекеттік облигациялар құнсыздануы мүмкін екенін айтты. Бұл, өз кезегінде, банктердің резервтерін төмендетеді, несие беру шектеледі, бұл экономиканың одан әрі бәсеңдеуіне алып келеді.

Бұдан басқа, елдің 2,4 триллион доллар мөлшеріндегі өтелмеген мемлекеттік қарызының төрттен бір бөлігі италиялық банктерге тиесілі, бұл тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін.

Мақала авторы Италья билігі кенеттен төнген банк дағдарысын жеңе алмай қалуы мүмкін деп санайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети