06 сәуір 2017 14:56

Жақын арада Қазақстанда екінші ислам банкі ашылады - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

© poistine.org © poistine.org

Қазақстандық коммерциялық Заман-Банкі таяуда ислам банкінің негізінде жұмыс істей бастайды. Бұл туралы еліміздің Ұлттық банк қаржы нарығының әдістеме департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты. 


Қазақстандық коммерциялық Заман-Банкі таяуда ислам банкінің негізінде жұмыс істей бастайды. Бұл туралы еліміздің Ұлттық банк қаржы нарығының әдістеме департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты. 

"Таяуда "Заман-Банк" АҚ ислам банкі негізінде жұмыс істейті деп жоспарланған. Бұл банк ислам принциптері бойынша қаржыландыру жүйесімен қызмет көрсетеді", - деді агенттіктің сұхбаттасушысы. 

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда Аl Hilal ислам банкі жұмыс істейді. Айта кетейік, 2017 жылы 1 қаңтарда оның елдегі банк жүйесіндегі үлесі 0,08 пайызға тең болды.

"Заман-Банк" Ақ акционерлері 2016 жылы шілдеде ислам банкінің жүйесіне көшу туралы шешім қабылдаған. 

Исламдық банкинг - шариғатқа негізделген банк жүйесі. Арамнан жиған ас болмайтынын ескерсек, ғасырларды артқа тастаған және үнемі жетілдіріліп келеді деген қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің неліктен сан рет дағдарысқа түскені де, ал алғаш рет 1960-1970 жылдары банктік жүйе ретінде негізі қаланған, түп бастауын Құраннан алатын исламдық банктердің бүгінге дейін бірде-бір рет дефолтқа ұшырамауы да түсінікті сияқты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети