22 мамыр 2014 | 20:29

Жалған SMS-тен зардап шеккен банктер өз салымшыларын қайта қайтаруда

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Жалған SMS-тің салдарынан біршама салымшыларынан айырылған қазақстандық үш банк салымшыларды қайта қайтаруға тырысуда. Бұл туралы сайтына Tengrinews.kz  Банк ЦентрКредиттің, Kaspi bank-тің және Альянс банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жалған SMS-тің салдарынан біршама салымшыларынан айырылған қазақстандық үш банк салымшыларды қайта қайтаруға тырысуда. Бұл туралы сайтына Tengrinews.kz  Банк ЦентрКредиттің, Kaspi bank-тің және Альянс банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары жалған SMS-тен кейін 80 пайызға жуық салымшыларынан айырылған Қазақстан банктері 2014 жылы салымшыларды қайта қайтаруы мүмкін екенін айтқан болатын. Ақпан айында келеңсіз жағдайға ұшыраған үш банктің қызметкерлері клиенттерін жоғалтпау үшін әр салымшыға хабарласып мән-жайды түсіндірген. Бұл туралы Tengrinews.kz үш банктің де қызметкерлерімен сөйлескенде олар осы ақпаратты растады.

Банк ЦентрКредиттің ұзақ жылдар жұмыс істеген клиенттерінің көбі осы банкке қайта сенім білдірген. Банк келтірген деректер бойынша салымшылардың 85 пайызы Банк ЦентрКредитке қайта оралған. Қалған 15 пайызы алдағы 6-9 ай көлемінде қайта оралады деп күтілуде. 

Kaspi bank баспасөз қызметінің айтуынша, жалған SMS таратылған күні депозиттегі ақшасын шешіп алу үшін тапсырыс беруге хабарласқан клиенттерге банктің call-орталығы барлық жағдайды түсіндіруге тырысқан. Олар SMS-хабарламаның жалған екенін айтқан. Сол кезде кейбір клиенттер райынан қайтып, депозиттеріндегі ақшаны алмағандары да болыпты. Ақпан айында банк салымшыларының 10 пайызы ғана банктегі депозиттерін сақтап қалды. Ал қазіргі таңда Kaspi bank қызметкерлерінің айтуынша, салымшылардың 50 пайызы банкке қайта оралды. Жылдың соңына дейін салымшылар 75-80 пайызды құрайды деп күтілуде.

Альянс банк қызметкерлері де өздерінің клиенттерінің, салымшыларының басқа банктерге кетіп қалмауына күш салған. Олар да жағдайды әр клиентке жеке-жеке түсіндіріп бақты. Бүгінде Альянс банк те өз салымшыларының сеніміне кіре бастады. Банк қызметкерлерінің кеңесіне сүйенген салымшылар ақшаларын уақытша  банктің сейф ұяшықтарына салған. 

Банк ЦентрКредит пен Kaspi banк-тың да салымшылары сейфтерді қолданған. Банк қызметкерлерінің айтуынша кейбір өңірлерде сейфтер 100 пайыз толық болыпты. Ұлттық банк үш банктің банкротқа ұшырамағанын, SMS-хабарламалардың жалған екенін растағаннан кейін салымшылар ақшаларын депозитке қайта ауыстырған. 

Банк ЦентКредитте сейф ұяшығын жалға алу тәулігіне 225 теңге. Kaspi bank-те көлемі 5-10 сантиметр куб ұяшықтар тәулігіне 300 теңге, айына 3000 теңге. Альянс банкте ұяшықты 5 күнге жалға алу 600 теңге, 1 айға жалға алу 3000 теңге. 

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында WhatsApp-пен Альянс банк, Kaspi bank және Банк ЦентрКредит банкротқа ұшырады деген хабарлама таратылған болатын. Бұл ақпаратты кім таратқаны белгісіз болды. Банктердің филиалдарында халық дүрлігіп, салымшылар депозиттерін жаппай шешіп алды. Кейін банктер полицияға шағымданды. Сот осы іске байланысты Банк ЦентрКредиттің бұрынғы қызметкері Дархан Сәбденовті,  "Signum заңгерлік компаниясының" қызметкерлері Әйгерім Адасбаеваны, Виктория Трофимованы және Әбілқайыр Накиповті айыпты деп тапты.  

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer