Жамбыл облысы шетелдік компаниялар үлесі бойынша көш бастап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы шетелдік компаниялар үлесі бойынша көш бастап тұр Фото: Pixabay/©Free-Photos

Жамбыл облысы шетелдік компаниялар үлесі бойынша көш бастап тұр. Өңірде жұмыс істейтін барлық кәсіпорын ішінде шетелдік компаниялар үлесі 10,8 пайыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы шетелдік компаниялар үлесі бойынша көш бастап тұр. Өңірде жұмыс істейтін барлық кәсіпорын ішінде шетелдік компаниялар үлесі 10,8 пайыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы шетелдік компаниялар саны бір жылда 8,4 пайызға артты. Шілденің басында елімізде 29,7 мың шетелдік кәсіпорын тіркелген.

Елдегі шетелдік компаниялардың үштен екісі үш өңірде орналасқан. Олардың ең көбі Алматыда - 8,9 мың компания, қаладағы барлық кәсіпорынның 10,4 пайызы. Екінші орында Нұр-Сұлтан орналасқан - 3,7 мың шетелдік компания (жалпы санының 6,2 пайызы). Шетелдік кәсіпорындардың шоғырлануы бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр - 1,1 мың немесе өңірдегі барлық кәсіпорынның 10,8 пайызы.

Шетелдік компаниялардың көпшілігі тау-кен өндірісі (9,4 пайыз), сауда, көлік жөндеу (9,3 пайыз) және HoReCa сегментінде (9,3 пайыз) жұмыс істейді. Ең азы мемлекеттік басқару, қорғаныс салаларында, ауыл, орман және балық шаруашылығында (1,3 пайыз).

Бір жылда Қазақстанда тіркел компаниялар ішіндегі шетелдік компаниялар үлесі 6,1-ден 6,3 пайызға дейін артты. Шағын бизнес саласында шетелдік компаниялар - 6,4 пайыз. Олардың ішінде төрт пайызы ғана жұмыс істейді. Ірі компаниялар арасында шетелдік кәсіпорындардың үлесі ең үлкен - 8,3 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети