Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов Қазақстан үкіметінің Kcell ұялы байланыс операторының акцияларын қайтару туралы "өтінішіне" қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов Қазақстан үкіметінің Kcell ұялы байланыс операторының акцияларын қайтару туралы "өтінішіне" қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Jusan Bank басшысы Kcell "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының портфельдік компанияларының тартымды және табысты көгілдір фишкаларының бірі ретінде "әрине, бірқатар инвестордың қызығушылығын тудыратынын" атап өтті.
"Бірнеше ұсыныс алдық, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның өзінен ұсыныс келіп түсті. Бізге олардың корпоративтік басқаруы, ішкі саясаты, даму стратегиясы мен реформалары ұнағандықтан, оларда артықшылық бар.
Өздеріңіз білетіндей, Kcell біздің ең ірі бланк қарыз алушымыз саналады және онымен нарықта сұранысқа ие бірнеше табысты ірі жобалар іске асырылды. Қазіргі уақытта түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ деп айта аламын, келіссөздер сатысында тұрмыз. Сатып алу және мәміле форматы туралы мәселе, әрине, коммерциялық құпия саналады, бірақ акциялар биржада саудаланады және мұндай ақпарат әсер етуі мүмкін бірқатар миноритарий бар. Бір ғана нәрсені айта аламын: келісім екі тарап үшін де өзара тиімді болады", - деді Нұрдәулет Айдосов.
Басқарма төрағасы банк бизнестегі телеком-бағытты дамытуды және қолдауды жалғастыратынын, өйткені ол өзінің табыстылығы мен жоғары сұранысын көрсеткенін атап өтті.
"Бұл мәміленің нәтижесі қандай болатынына қарамастан, ол телекоммуникациялық өнімімізді дамыту жөніндегі жоспарларымызға әсер етпейді", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Қазақстан үкіметі Jusan Bank-тен елдегі ең ірі ұялы байланыс операторының акцияларын бір жыл бұрын сатып алған бағамен қайтаруды сұрағанын хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!