Jusan Bank-тен Kcell акцияларын сатып алу: Сәтқалиев себебін түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Jusan Bank-тен Kcell акцияларын сатып алу: Сәтқалиев себебін түсіндірді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев Jusan Bank-тен Kcell-дің акциялар пакетін сатып алуды жоспарлау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев Jusan Bank-тен Kcell-дің акциялар пакетін сатып алуды жоспарлау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "Самұрық-Қазына" Экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы шешіміне сәйкес Kcell акцияларын сатып алуды жоспарлап отыр.

"Қор Jusan Bank компаниялар тобынан Kcell компаниясының акцияларын кері сатып алуды жүзеге асырады. Екі кәсіпорын - Jusan Bank және Pioneer компаниясы (Pioneer Technologies S.A.R.L. - еск.).

Мәміле мәні - Kcell бақылау пакетін "Самұрық-Қазына" компаниялар тобында шоғырландыру: ол кейін нысанды бәсекелі ортаға ашық, транспарент жағдайда беруді қамтамасыз ету немесе жетекші операторлардың бірінің басқаруына беру немесе стратегиялық инвестор іздеу үшін жасалады", - деді Алмасадам Сәтқалиев ОКҚ брифингінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети