"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының ұжымына жаңа басшы Нұрлан Қаппаровты таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының ұжымына жаңа басшы Нұрлан Қаппаровты таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өмірзақ Шөкеев бұрын Қоршаған орта және су ресурстары министрі болған Нұрлан Қаппаровты "кәсіпқой және дайындалған адам" деп атап өтті. "Бұл қасиеттерінің бәрі оған үлкен табыстарға жетуге көмектеседі деп ойлаймын", - деді Шөкеев.
Ұлттық компанияда ауыс-түйіс 6 тамызда мемлекеттік басқару жүйесіне жасалған реформадан кейін болған еді. "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы жетекшісі Владимир Школьник қайта құрылған Энергетика министрлігіне басшы болып тағайындалды.
Шөкеев келешекте "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының, жалпы алғанда, "Самұрық-Қазына" қорының Энергетика министрлігімен тығыз ынтымақтаста жұмыс істеуі керектігін айтты.
"Қазатомөнеркәсіп" - оңай компания емес, ол - "Самұрық-Қазына" АҚ-ның үздік активтерінің бірі. Мұнда кәсіпқойлардың мықты командасы жиналған. "Қазатомөнеркәсіп" сіздердің қолдауларыңыз бен тәжірибелеріңізге сүйеніп, одан әрі зор табыстарға жете береді деп сенемін, өйткені ұжымның үйлесімді жұмысы ғана оны оң нәтижелерге жеткізеді", - деді Қаппаров.
Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің функциялары мен өкілеттіктері және жасыл экономиканы дамытудың барлық мәселелері Энергетика министрлігіне, ал балық шаруашылығы, су ресурстарын, орман, жануарлар дүниесін басқару функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілетінін айтқан болатын..
"Нұрлан Қаппаров, өзінің ниеті болса, оның орынбасары бола алады. Бар, мен саған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының президенті болуды ұсынамын", - деді Президент оған. Қаппаров бұған бірден келісті, "Қазатомөнеркәсіп" қызық болар еді", - деді ол.