Кәсіпкерлердің 180 млрд теңге айыппұлына рақымшылық жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпкерлердің 180 млрд теңге айыппұлына рақымшылық жасалады ©Ярослав Радловский

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бизнесмендердің жиналып қалған айыппұлдарының көлемін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бизнесмендердің жиналып қалған айыппұлдарының көлемін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түрлі бағалау бойынша әртүрлі себеппен шамамен 180 млрд өсімпұлдар мен айыппұлдар жиналып қалды", - деді палата басшысы Абылай Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер палатасы салық рақымшылығын қуана қабылдап, нақты шешімдерді күтіп отыр. "Қаржы министрі Сұлтановқа жүктелді және бұл тапсырма өз мерзімінде орындалады деп ойлаймыз, яғни 1 қаңтардан бастап, кәсіпкерлерге сол 180 млрд теңге бойынша рақымшылық жасалады", - деді Мырзахметов.

"Кәсіпкерлер көптеген объективті себепке байланысты өз міндеттемелерін мерзімінде орындай алмай жатады. Салық кодексі бойынша салық комитеті сол өсімпұлдар мен айыппұлдарды бірден есепке алады. Кейде жиналған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы салық сомасының өзінен де көп болып кетіп жатады. Бұл жағдайда рақымшылық жасау өте дұрыс деп есептеймін, бұл - кәсіпкерлерге өз қызметін жүргізуге мүмкіндік беру, есепшоттарын тыйымнан шығару, ауыртпалықтан босатып, одан әрі жұмыс істеуге жағдай жасау", - деді ол.

Еске салайық, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлер үшін салық рақымшылығы жасалатынын жария еткен еді. Үкіметке шағын және орта бизнес субъектілеріне 2014 жылдың 1 қазанына дейін жиналған айыппұлдар мен өсімдер бойынша салықтық рақымшылықты іске асыруды тапсырамын", - деді Назарбаев Үкіметтің Ақордада өткен кеңейтілген отырысында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети