15, 16 және 17 қарашада Kaspi.kz Қазақстанда бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі - Kaspi Жұманы өткізеді.
15, 16 және 17 қарашада Kaspi.kz Қазақстанда бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі - Kaspi Жұманы өткізеді.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе осы айтулы оқиғаға байланысты:
"Біз кезекті Kaspi Жұма - бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтетінін қуана хабарлаймыз. Сүйікті клиенттеріміз үшін біздің үш керемет жаңалығымыз бар. Біріншіден, Kaspi Жұма үш күн бойы - 15, 16 және 17 қарашада өткізіледі. Екіншіден, алғаш рет Kaspi Жұмада бүкіл Қазақстан бойынша қалалардағы 2000-нан астам дүкенде тиімді зат сатып алуға болады. Үшіншіден, қосымшаның өзінде біз Kaspi Жұмаға арналған арнайы бөлім жасап шығардық, онда сіздің қалаңызда мерекеге қатысатын дүкендердің мекенжайларын күні бұрын көруге болады. Kaspi Жұмада әр қазақстандықтың тиімді зат сатып алуына тілектеспіз", - деді.
Бұл - бесінші Kaspi Жұма. Енді Kaspi.kz қосымшасында ғана емес, сонымен қатар еліміздің қалаларындағы 2000-нан астам дүкенде құнын бөліп төлеу арқылы тиімді зат сатып алуға болады. Kaspi Жұмаға қатысушылардың арасында Intertop, Flo, Mango, Mon Amie, Nike, Pandora, Respect және көптеген басқа брендтер мен дүкендер бар.
Киім, аяқкиім, жиһаз, зергерлік әшекейлер, смартфон, электроника, автокөлік дөңгелектері, қысқы спортқа арналған тауарлар мен басқа да көптеген заттарды сатып алыңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды сыйлықтармен қуантыңыз!