Кәсіпкер мемлекеттік компаниялардағы жалақыны азайтуды ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Кәсіпкер Қазақстандағы мемлекеттік компанияларындағы жалақыны азайтуды ұсынды. Бұл ұсынысты Central Capital директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов Астанадағы "Сарапшы-200-Қазақстан" ұлттық бизнес форумында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпкер Қазақстандағы мемлекеттік компанияларындағы жалақыны азайтуды ұсынды. Бұл ұсынысты Central Capital директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов Астанадағы "Сарапшы-200-Қазақстан" ұлттық бизнес форумында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үздік жұмыс беруші ережесінің енгізілгенін қалаймыз. Үздік жұмыс беруші, бұл жағдайда мемлекет жұмысшыларды аса жайлылықпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Әдетте үздік жұмыс беруші аз төлейді, себебі тәуекелшіл компаниялар кадрларды өзіне қатерлі бизнеске тартатындығы себепті сыйақы төлеуі тиіс. Біз мемлекетке үндеу жасаймыз: мемлекеттік компаниялар - олар үздік жұмыс беруші болуы керек. Яғни олар персоналмен айлықты көбейту есебінен, көп беру есебінен жұмыс істемеуі керек. Адамдар жұмысқа айлықты көбейтусіз-ақ барады - ол жақта тұрақты табыс көзі бар", - деді кәсіпкер.

"Біз мемлекеттік компаниялар елдегі жалпы орташа айлықтан 15 пайызға жоғары мөлшерін белгілеуін қалаймыз. Бизнесінің шамасы өзгелерден айтарлықтай өзгешелігі жоқ Астанада мемлекеттік шенеуніктердің айлығы Алматыдағыларға қарағанда 30 пайызға көп екені құпия емес", - деді Әбдіразақов. Оның бұл сөзіне жауап ретінде залдан "Біз жұмысты көп істегендіктен те солай" деген сөз айтылды.  

Ол үкіметтің мемлекеттік, мемлекеттік сыңайлы кәсіпорындардың, және жеке кәсіпорындардың да монополист-компаниялар тарифі бес жылдық маусымға тең бөлініп, бекітілуі керектігі жайлы тілек білдірді.

Ол, сонымен қатар, соттағы дауларды шешу мәселесін көтерді. "Біз мемлекеттік сияқты сектордың коммерциялық дауларды бұдан былай мемлекеттің тарапын қабылдамайтын сот жүйесінде емес, өз қалауымен арбитражды тәртіппен шешуге шақырамыз", - деді Әбдіразақов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro