Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қайтарымсыз несиелерден құтылатын банктер салықтан босатылады

16 Сәуір 2014, 15:25
0
ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ©Мансұр Хамит
ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ©Мансұр Хамит

Бүгінде "жұмыс істемейтін", былайша айтқанда, қайтарылмайтын несиелердің жалпы көлемі 33%-дан асып отыр. Болашақта оның деңгейі 10 пайыздан аспауы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап. 

Оның хабарлауынша, алдағы уақытта Қазақстанның қаржы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын даярлау жұмысына негізгі басымдық беріледі. Аталған құжаттың негізінде 2008-2010 жылдары болған қаржы дағдарысын еңсеру шаралары жатыр. "Ол кезде тұрғын-үй саласында несиелердің көлемі күрт артып кеткен. Содан жұмыс істемейтін несиелер көбейді. Бүгінде ондай несиелердің жалпы көлемі 33 пайызды құрап отыр. Бұл - тым жоғары көрсеткіш. Осыған орай, біз нақты жұмысты қолға алып, Салық кодексіне алғашқы өзгерістерді енгіздік. Қазір ол жұмыс аяқталуға жақын. Соның арқасында "жаман" (қайтарылмайтын - авт.) несиелерден құтылған банктер салықтан босатылады", - деді бүгін Келімбетов Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Ұлттық банк төрағасы атап көрсеткендей, бүгінде проблемалық несиелер қоры құрылды. Мемлекет басшысының шешімі бойынша оған 250 миллиард теңге құйылады. "Ол ақшаға тиісті көмек көрсетіледі. Бірақ банктер алдымен жұмыс істемейтін несиелерден құтылуы тиіс. Негізі, 2016 жылы қаңтардың 1-інен бастап жұмыс істемейтін несиелердің жалпы көлемі 10 пайыздан аспауы тиіс. Сол кезде бұл нақты талап болады. Егер банктер ол талапты орындамаса, онда ол өз лицензиясынан айырылуы әбден мүмкін", - дейді Келімбетов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай