KAZ Minerals Bozymchak басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

KAZ Minerals Bozymchak басшысы ұсталды © tazabek.kg

KAZ Minerals Bozymchak бас директоры Ілияс Түлекеев Бішкекте ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мағлұматты KAZ Minerals компаниялар тобының корпоративтік байланыс департаментіндегілер растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

KAZ Minerals Bozymchak бас директоры Ілияс Түлекеев Бішкекте ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мағлұматты KAZ Minerals компаниялар тобының корпоративтік байланыс департаментіндегілер растады.

"Растаймын (ұсталғанын - Авт.). Біз тағылған айыптарды түсіну үшін ресми ұйғарымды күтіп отырмыз. Уәкілетті органдардың оған 48 сағаты бар", - деді департаменттегілер.

Кейбір деректерге сәйкес, ол Бішкектегі әуежайда ұсталған.

Айта кетейік, кеше қырғыз ақпарат құралдары дереккөздерге сілтеме жасап, Ілияс Түлекеевтің ұсталғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, Түлекеев Бішкектегі изоляторда. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Лауазымын асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр. Сонымен қатар, салықты жасырды деген де күдік бар.

Ілияс Түлекеев компанияның негізі қаланғалы бері басқарып келеді. KAZ Minerals Bozymchak компаниясы KAZ Minerals PLC тобына кіреді. "Қазақмыс Голд Қырғызстан" компаниясы Қырғызстандағы жұмысын 2007 жылы бастаған. 2015 жылы 31 қазанда "Қазақмыс Голд Қырғызстан" атауы KAZ Minerals Bozymchak атауына өзгертілді, компания Джалал-Абад облысы Алабөкен ауданындағы Бозымчак кен орнында геологиялық барлаумен және мыс-алтын өңдеумен айналысады, сонымен қатар, кен орнын пайдалануға қажетті өзге де лицензияларға ие. 2015 жылы 1 тамызда Қырғызстан премьер-министрінің қатысуымен "Бозымчак" кен-байыту комбинатының жұмысы іске қосылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети