08 қараша 2016 | 10:36

"ҚазАгро" еліміздің АӨК қолдауға 226 миллиард теңгеден астам қаражат бағыттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2016 жылғы тоғыз айдың ішінде 226 миллиард теңгеден астам қаражатты еліміздің АӨК қолдауға бағыттады, - деп хабарлайды "ҚазАгро" баспасөз қызметі.


Иконка комментария блок соц сети

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2016 жылғы тоғыз айдың ішінде 226 миллиард теңгеден астам қаражатты еліміздің АӨК қолдауға бағыттады, - деп хабарлайды "ҚазАгро" баспасөз қызметі.

АӨК қаржыландырудың жалпы сомасының - 183,1 млрд. теңгесі отандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды несиелеуге, 17,8 миллиард теңгесі - ауылшаруашылық өнімін сатып алуға,  23,8 миллиард теңгесі - АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға жұмсалады. Жылдың аяғына дейін "ҚазАгро" холдингі саладағы түрлі жобаларды несиелеуге және қаржыландыруға тағы да шамамен 80 миллиард теңге бағыттауды жоспарлайды.

Ұлттық холдингтің инвестициялық қоржыны 530 инвестициялық жобаны құрайды, оның жалпы құны 324 млрд. теңге.  Оның ішінде бүгінгі таңда жалпы құны 273,4 миллиард теңгенің 487 жобасы іске қосылды, шамамен 15,5 мың жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы өндіріске жалпы құны 18.8 миллиард теңгенің 37 инвестициялық жоба іске қосылды, 1068 жұмыс орны құрылды.

Егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін ағымдағы жылы Холдингке 60 млрд.теңге сомасындағы бюджеттік несие қаражаты берілді, олар Холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында қарыздар түрінде бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген бюджеттік ресурс толық игерілді. Аталған қаражатқа 2141 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды, егістік алаңы 5,3 миллион га.

Жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қолдау шеңберінде Холдингпен барлық қаражат көздері есебінен  72,9 млрд. теңге сомасына 3235 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. Алынған қаражат аграрларға 6,9 миллион га алаңда егістік науқанын жүргізуге ықпалын тигізді. 

Шаруашылыққа қажет агротехникалық іс-шараларды жүргізу үшін лизингке 37,6 миллиард теңге сомасына 1 877 бірлік ауылшаруашылық техникасы берілді.

Жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен "ҚазАгро" ұлттық холдингіне 25 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 9 айдың қорытындысы бойынша 19,8 миллиард теңге игерілді. Бөлінген қаражат Холдингпен қаржы бағдарламаларының кеңейтілген спектрін пайдалану арқылы АӨК дамуын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталды,  оның қатарында - Несие серіктестіктері арқылы АШТӨ қаржыландыру, аналық ІҚМ басын және қойларды сатып алу. 

"ҚазАгро" ұлттық холдингі  биылғы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі қосымша шаралар шеңберінде бірқатар жобаларды қаржыландыруды бастауды жоспарлайды. Әңгіме АӨК басым салаларындағы экспортқа бағдарланған жобаларды несиелеу, сүт қабылдау пункттерінің желілері мен отбасылық сүт-тауарлы фермаларды, ауылшаруашылық кооперативтерін және бордақылау алаңдарын, жеміс-көкөкніс шаруашылығы жобаларын қолдау туралы.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық                       компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети