06 сәуір 2015 | 12:06

Қазақмыс 2015 жылы өндірісті жаңғыртуға 55 миллиард теңге қаржы бөлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақмыс 2015 жылы өндірісті жаңғыртуға (қайта өңдеуге) 55 миллиард теңге қаржы бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақмыс 2015 жылы өндірісті жаңғыртуға (қайта өңдеуге) 55 миллиард теңге қаржы бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Корпорация 2015 жылы кен қорын көбейтуге және өндірісті реконструкциялауға, кен өндіруші кәсіпорынды және энергетика саласын қолдауға, Балқаш мыс зауытындағы өндіріс орындары мен құралдарына ірі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 55 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлуді жоспарлады.

Баспасөз хабарламасында 2014 жылы қолда бар техниканы жаңарту және жөндеу жұмыстарына, кен өндіріп жатқан кеніштердегі жөндеу жұмыстарына инвестицияның басым бөлігі бағытталып жұмсалғаны айтылады. "Өткен жылы Қарағанды аймағындағы "Жезқазған кенді аймағында жүргізілген барлау жұмыстарының соңғы қорытындысын шығарудың бас жоспары", "Мыстың алғашқы (қара) концентратын өңдейтін өндірістік-тәжірибелік гидрометаллургиялық қондырғының құрылысы", "Нұрқазған SMART кешені" сияқты ірі жобаларды іске асыру жұмыстары басталды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің айтуынша, кен өңдеудің жоғары сапалы түріне жету мақсатында кен байыту фабрикаларына жаңа технологиялық бағамдар енгізу үшін ғылыми институттармен бірге жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Нұрқазған кенішінде кен майдалау конвейерінің құрылысы, Балқаш және Қарағайлы кен байыту фабрикаларын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жезқазған мыс зауытында өнім өндіру жаңартылды.

"Компанияда геологиялық барлау жұмыстарына қосымша қаржы бөлу де көзделген,біз кен өндіруші кәсіпорындарды жаңарту мен қолдау бағытында үнемі жұмыс жүргізудеміз.Бұл жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау мен өнім арттыру үшін маңызды.Компания мамандары өнім өндіру технологияларын жақсарту,заманауи жүйелі жұмыс түрін енгізу жұмыстарын жүргізуде. Мыстың бағасының тұрақтанбауы, немесе төмен болуы инвестициялық бағдарламаларға әсер етпейді. Кейбір бағдарламаларға түзету енгізгенімізбен,өндірісті қайта жаңғыртуға қажетті қаржы қажет еткенінше бөлініледі" - деді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС инвестиция жоспарлау департаментінің директоры Марат Қосыбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети