Қазақстанда Халық банк басқармасы төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Лондон қор биржасына сілтеме жасап.
Қазақстанда Халық банк басқармасы төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Лондон қор биржасына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сәйкес, "Қазақстан Халық банкі" ААҚ 2015 жылдың 7 шілдесінде Аслан Талпақовты Басқарма төрағасы орынбасары етіп тағайындап, 2015 жылдың 7 шілдесінен бастап Банк Директорлары кеңесінің қаулысымен Банк Басқармасы мүшесі етіп қабылдады.
Талпақов банкте 2011 жылдың шілдесінен бастап корпоративті несиелеу департаментінің директоры қызметін атқарып келеді. Ол бұған дейін "RBS Казахстан" АҚ еншілес банкінде корпоративті бөлімнің менеджері қызметін де атқарған. Оның алдында ABN AMRO Қазақстан Банкінде түрлі қызметте болды.
Осыған дейін Халық Банктің сайтында Басқарма төрағасының орынбасары Станислав Кособоковтың қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Онымен жасалған келісім-шарт жеке қалауы бойынша тоқтатылды.