28 қазан 2015 | 08:22

Қазақстан кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы елдердің рейтингінде 12 сатыға жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы Doing Business-2016 кәсіпкерлікпен айналысуға жайлы елдердің тізімін жария етті. Баяндамаға сәйкес, Қазақстан бір жыл іщінде 12 сатыға жоғарылап, 41-орында тұр.


Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы Doing Business-2016 кәсіпкерлікпен айналысуға жайлы елдердің тізімін жария етті. Баяндамаға сәйкес, Қазақстан бір жыл іщінде 12 сатыға жоғарылап, 41-орында тұр.

Doing Business халықаралық рейтингінде осымен оныншы жыл қатарынан Сингапур көш бастап келеді. Рейтингтің алғашқы ондығына Жаңа Зеландия, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Норвегия және Финляндия елдері кірген. 

Посткеңестік елдердің ішінде Эстония көш бастап келеді (16-орын), одан кейін Литва (20), Латвия (22), Грузия (24), Армения (35), Беларусь (44), Ресей (51), Молдова (52), Әзірбайжан (63), Қырғызстан (67), Украина (83), Өзбекстан (87) және Тәжікстан (132).

Doing Business жыл сайынғы зерттеуі он көрсеткіш бойынша кәсіпкерлікпен айналысуға жайлылықты бағалайды. Олар: кәсіпорынды тіркеудің оңайлығы, құрылыс салуға және электр желілеріне қосуға рұқсат алу, кредит алу, миноритар инвесторларының құқығын қорғау. Әдіснамаға сәйкес, барлық компонент тең жағдайда есептеледі. Көпшілік елдер үшін бір қаладағы жағдай ғана есептеледі екен, мәселен Қазақстанда Алматы қаласындағы кәсіппен айналысуға мүмкіндік қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети